Толеранттылық туралы дискурс және медиа
Аңдатпа
Мақала медиа ортадағы толеранттылық фактордың рөлін анықтауға арналған. Сонымен қоса, толеранттылықтың этикалық, танымдық, гуманистік, аксиологиялық, әлеуметтік аспектілерін ашып көрсетеді. Мақаланың авторлары медиа кеңістігінде толеранттылық принципінің мәдени, коммуникативті әлеуетіне назар аударады. Медиа ортаға төзімділік мәдениетаралық коммуникацияның шарты ретінде маңызды. Медиа үшін толеранттылық мәдениаралық коммуникация ретінде қажет. Медиа ортадағы толеранттылықтың өзара әрекеттесу нормалары қоғамда құндылық қатынастардың сипатын көрсетеді. Толеранттылық дискурсы адамның әлеуметтік, мәдени іс-әрекеттерінің сипаты мен нәтижелеріне әсер етеді. Әлеуметтік, мәдени және «әдіснамалық» көзқарастардан толеранттылық туралы дискурс құндылық жүйесіндегі басымдық тұрғысынан қарастырылады. Мақалада медиа ортасындағы толеранттық көзқарастар мен әрекеттің факторлары және критерийлері, сондай-ақ медиа орталықта толеранттылық тәжірибесін дамыту жолдары қарастырылған.
Түйін сөздер: толеранттылық, толеранттылық дискурс, мораль, құндылықтар, мәдениет, өркениет, қоғам, медиа, руханилық, адамгершілік, қарым-қатынас, тұлға, жаһандану, когнитивті, эстетикалық, медиа мәдениет
