ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ БОЛМЫСТЫҚ ТЕГІ МЕН ТАНЫМДЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Авторлар

  • Ж. А. Әмірқұлова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Р. Ә. Рыскиева Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Аңдатпа

Фольклорлық туындылар арқылы қазақ халқының тегі мен болмысы, оның дүниелік танымы мен көзқарас нұсқаларын анықтап, оған ғылыми пайымдау жасау өзектілігі артуда. Осыған орай бұл проблемалар мәдени-мұра бағдарламаларында да кеңінен қолдау тауып, ғылымда өз орнын таба бастады. Талай-талай қоғамдық, әлеуметтік құбылыстарды басынан өткерген қазақ халқының көнеден келе жатқан өзіне тән ойлау жүйесі, әдет-ғұрпы, дүниетанымы барлығын айғақтайтын фольклорлық мәдени мұралары халықтың рухани қазына тірегі болары айқын. Халықтың аңыз- әңгімелері, жыр-дастандары, ондағы халықтың дүниетанымы мен көзқарастарының күрделілігі арнайы зерттеулер жасап, сараптауға лайықты. Фольклорлық туындылардағы философиялық ой-танымдарын жаңғырту, оған ғылыми дәйекті тұжырымдар жасау өзекті мәселе. Осыған байланысты фольклорлық шығармалардағы философиялық ойдың тереңдігін, өзектілігін ескере ортырып, халықтың ойлау табиғатына талдау жасау қажеттілігі де өзекті. Осы тұрғыда аталған мақалада қазақ халық философиясының болмыстық тегі мен танымдық негіздері байыпталады. Ізденісте қолданылған негізгі тәсілдер тарихилық пен логикалықтың бірлігі және гносеологиялық салыстырмалы зерттеу мен талдау. Зерттеу қорытындылары фольклордағы философиялық таным түсініктерді анықтауда халықтық дүниетаным қалыптарына сүйене отырып, деректемелік негіздерді нысанаға алумен өзіндік әдістемелік ерекшеліктерді көрсетеді. Қоғамдық санадан орын алған фольклорлық туындылар оның шығу тегі мен белгілі бір мақсаттарда қалыптасуы және мәдени-рухани байлық көзі ретінде танымдық сипатын саралауға мүмкіндіктер берді.

Түйін сөздер: фольклор, руханилық, халық философиясы, дәстүрлі мәдениет, ауызша мәдениет, этика, эстетика.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-05-28