Жаңапұтшылдықты зерттеудің методологиялық аспектілері

Авторлар

  • С. С. Асанова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • С. У. Абжалов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Мақалада қазіргі заманғы жаңапұтшылдық феноменінің пайда болуы мен қалыптасып дамуы қарастырылады. Авторлар жаңа пұтшылдықтың философиялық, дінтанулық, саяси-әлеуметтік және тарихи-мәдени аспектілеріне тоқталады. Жаңапұтшылдықтың архаикалық сенімдермен генетикалық байланысын аша отырып, автор бұл құбылыстардың бір мәнді емес екендігіне назар аударады және олардың айырмашылығын ашып көрсетеді, жаңапұтшылдықтың қазіргі қоғамдағы сұранысқа ие болуының әлеуметтік-психологиялық, мәдени-дүниетанымдық себептерін зерделейді. Қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардағы жаңапұтшылдық феноменін зерделей келе автор оны біржақты негативті құбылыс ретінде қарастырмайды. Этномәдени бірегейлікті түсіну мен тануда бұл феномен позитивті рөл атқара алады. Алайда, саяси аспектіде қарастырылып, идеологиялық сипат алған жаңапұтшылдық қоғамдық сана мен әлеуметтік жүріс-тұрысқа кері ықпал етіп, әлеуметтік-рухани салада кері тартпа үдерістерге түрткі болуы ықтимал.
Түйін сөздер: Дін, діни қатынас, жаңапұтшылдық, архаика, сана, бейсаналық, архетип, «Поп-дін».

Жүктеулер

Жарияланды

2018-05-27