Қазіргі саяси процестегі тәуекел байымдарының факторлары
Аңдатпа
Саяси ғылымда тәуекел деңгейінің байымдарын зерттеу сарапшылар анықтаған шынайы тәуекел деңгейі мен қоғамның жеке тәжірибе мен эмоцияға негізделген тәуекел деңгейінің байымдарының арасындағы айырмашылықты бағалауға мүмкіндік береді. Тәуекел деңгейінің байымдары көп жағдайда шынайы тәуекелдің бұрмаланған нұсқасы болып табылады, дегенмен шынайы саяси процесте байымдалған тәуекел деңгейі шешуші рөл атқарады. Оның әсері теріс те, оң да бола алады. Мақалада тәуекел деңгейін қабылдауына әсер ететін факторлар қарастырылады.
Түйін сөздер: саяси процесс, тұрақтылық, тәуекел байымдары, тәуекел факторлары.







