АҚШ-тағы indie-кинематографтың қалыптасуы

Авторлар

  • С. Абишев Жургенов Т. атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы

Аңдатпа

Бұл мақала АҚШ тәуелсіз кинематографының пайда болу ерекшеліктерін ашып көрсетеді.
Автор тәуелсіз кинематограф түсінігін жалпы көзқарас тұғырынан ғана емес, тарихи тұғырынан
да қарастыра отырып, АҚШ киноөнерінің қалыптасу кезеңіне шолу жасап өтеді.
Сонымен қатар, автор аталмыш мэйнстримнан бөлек тұратын АҚШ тәжірибелік
кинематографын зерттеп, олардың америка киносының ұлттық өзегін анықтайтынын және бұндай
фильмдерден Голливудтың жаңа бағытының бастауы мен жаңа кинематографиялық ойлау көзін
көреді.
Автордың пікірі бойынша, Голливуд біртекті шығармалардың конвейері ретінде шынайы
өнерге жақын нәрсе жасай алмайды. Сондықтан, АҚШ киносындағы ең қызықты нәрселерді
Американың маргиналды және төмен-бюджетті фильмдерінің арасынан іздеу керек.
Осыған қоса, Indie жанрының мәдениетіне үлкен үлес қосқан өзіндік ерекшелігі бар және
аз танымал АҚШ-тың тәуелсіз режиссерлерінің туындыларын жеке атап өтеді. Олардың бірі,
америкалық авангардист Майя Дереннің киноларын талдай отырып, автор АҚШ тәуелсіз
киносындағы Еуропалық бағыттың тұрақсыз жағдайына және сюрреализм сияқты коммерциялық
емес жанрларға назарын аудара отырып, америкалық кинематограф көрерменнің санын көбейту
жолында нонконформистік рухын жоғалтып алған деген қорытындыға келеді.
Түйін сөздер: тәуелсіз кинематографы, кино, Кассаветес, Энгер, Мекас, Дерен, Брекидж.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-05-23