Дәстүрдің философиялық мәні
Аңдатпа
Бұл мақалада жеке адам мен тұлғаның, ұлт пен ұлыстың, қоғам мен мемлекеттің және жалпы адамзаттың дамуындағы дәстүрдің рөлі философиялық тұрғыдан пайымдалады. Ұлттың өмір сүру болмысы, дүниеге деген көзқарасы, ата-бабалардың өмір тәжірибесінен туындаған дәстүрлі құндылықтардың халық өмірінде алатын орны айрықша. Қай халық болса да ежелден қалыптасқан игі дәстүрлерді дәріптеген, дәстүрді уақыт шеңберінде мәнін жоймайтын, кейінгі ұрпақтарына рухани азық болатын мәңгі өлмес құндылық ретінде таныған. Дәстүр ұғымы философиялық тұрғыдан қарастырыла отырып, адамзат өміріндегі, ұлттың дамуындағы негізгі құндылық екендігі дәлелденген, халықтың бойына сіңген ұлттық дәстүрдің мәні анықталған. Замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлер бүгінгі таңда ұлт дамуының діңгегі ретінде танылып келеді. Сондықтан дәстүрдің философиялық мәні қарастырылады.
Түйін сөздер: философия, дүниетаным, дәстүр, салт, болмыс, құндылық, адам, кісілік, адамгершілік, ұлт.







