Мемлекеттің тұрақты дамуындағы ұлттық бірегейліктің орны

Авторлар

  • Х. Абдильдина С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Ж. Кульжанова С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Аңдатпа

Қазіргі мемлекеттік билік ұлттық бірегейлікке жағдай тудыра отырып тұрақтылық құндылықтарының жаңа қырын анықтауда. Осыған орай, халықтың рухани, әлеуметтік және экономикалық жағдайы зерттеліп, оған жауап ретінде жаңаша қоғамдық сана алдыңғы орынға шықты. Тарихи үдерістің негізгі субъектісі бола отырып, халық нақты мақсатына жету, құндылықтарды сақтап қалу үшін және өзінің дамуында адамзат болмысына түсінік бере отырып бейімделе бастайды. Адамзат болмысын анықтау нәтижесінде, халық белгілі бір тарихи беделге ие болады. Ол тарихи беделге өту үшін, тұтастықты сақтап, тұрақтылықты орнатуы тиіс. Тұрақтылықты орнату үшін, адам тек қана, жалпы адамзаттық қасиеттерді ғана анықтамай, ұлттық құндылықтар және оның мән-мағынасына үлкен үлес қосу керек. Кез келген қоғамдық бірлестік өзіндік санасымен айқындалады, сондықтан өзіндік сананың компоненті ретінде өзіндік сипат туындайды. Халықтық негізде субъективті форманың белгісі – қазақстандық сана болып табылады. Халықтық сана мен белгілі бір ұлттың санасын салыстыратын болсақ, ұлттық сана өзіне рационалды және эмоционалды компонентті біріктіреді. Ал ұлттық негізде объективтік форманың белгісі – ұлттық мінез-құлық болады және оның көрінісі басқа ұлттық топтардан сыртқы ментальдық ерекшелігі бар екенін көрсетеді. Бірақ та ұлттық сана мен ұлттық мінез-құлық негізінде әлеуметтік-психологиялық бірегейлік механизмі жатыр. Қазіргі қазақстандықтардың ұлттық бірегейлігінің қалыптасуындағы басты ерекшелік – мемлекеттілік пен патриотизм идеялары, жеке бас бостандығы және азаматтық құндылықтармен сәйкестене алуы тиіс. Ұлттық бірегейлік қоғамдағы барлық әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы ұлттық сана қалыптастыруда бірлесу қажеттілігін көрсетеді. Ұлттық бірегейлік қоғамдық сана жемістерінің бірі және сонымен бірге ол саяси санаға да әсер ете алады. Жеке адам немесе топ ұлттық бірегейліктің көмегімен азаматтық ұстанымын қалыптасыра отырып, саяси қарым-қатынастардың субъектісі бола алады, яғни мемлекеттің тұрақтылығына үлес қосады. Қазақстан мемлекеті егемендіктің жаңа даму сатысына өткендіктен ұлттық бірегейлік мәселесі өзектілігін қайта жаңғыртты. Ғылыми мақалада ұлттық бірегейлікті қалыптастыратын компоненттері анықталып, бір-біріне байланыстары талқыланған. Ұлттық бірегейлік жалпы ұлттың болмысы, мемлекеттіліктің негізі. Зерттеу барысында адами және этникалық болмысты бөлмеу қажеттілігі қарастырылған.
Түйін сөздер: мемлекеттік идея, ұлттық бірегейлік, ұлттық болмыс, патриотизм, саяси менталитет, ұлттық мінез-құлық, қоғамдық тұрақтылық.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-05-22