Студент жастардың құқықтық және саяси мәдениетінің өзара қатынасы

Авторлар

  • Г. К. Абдигалиева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • К. И. Кощигулова Нархоз университеті

Аңдатпа

Мақалада студент жастардың құқықтық және саяси мәдениетінің арақатынасы қарастырылған, осы арақатынасқа әсер ететін факторлар айқындалған.
Саяси-құқықтық мәдениет критерийлері мене деңгейі анықталған. Құқықтық мәдениетті сипаттаудағы ғылыми әдістер, оның ішіндегі антропологиялық, социологиялық, философиялық әдістер қарастырылды. Жастардың саяси мәдениеті қоғамның құқықтық мәдениетімен тығыз байланысты. Студент жастардың саяси құндылықтарын қалыптастырудағы негізгі факторлар электронды БАҚ, отбасы және білім институты болып табылады. Студент жастардың саяси-мәдениетінің даму үдерісі тәрбие мен білім берудің қатар жүруінің негізінде жүзеге асырылатындығы анықталды, сонымен қатар, Қазақстан жастарының саяси және құқықтық мәдениеті әр деңгейде дамығандығы туралы қорытынды жасалды.
Түйін сөздер: құқықтық мәдениет, саяси мәдениет, студент жастар, саяси және құқықтық мәдениетті қалыптастыру, саяси белсенділік, құқықтық нигилизм.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-05-20