Тәуелсіздік идеясының «Еңлік-Кебек» пьесасы негізінде қойылған спектакльдердегі көрінісі
Аңдатпа
Бұл мақалада М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясы бойынша қойылған спектакльдердегі тәуелсіздік идеясының көрінісі арнайы зерттелген. Драматург трагедияға бірнеше рет оралып, оны қайта-қайта өңдеуі пьесаның сахналық өміршеңдігін арттыра түсті. «Еңлік-Кебек» пьесасы 1926 жылы ашылған кәсіби театрда алғаш қойылған күнінен бастап, ұлтымыздың бет-бейнесін танытатын ірі классикалық туындыға айналып, көптеген режиссерлеріміз бен актерлеріміздің шабытына қанат бітірді. Қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің сақталуына, қоғамдық ойдың дамуына, кейінгі ұрпақты гуманистік, патриоттық, ұлтжанды рухта тәрбиелеуге «Еңлік-Кебек» пьесасы негізінде қойылған спектакльдердің әсері зор болғаны кеңінен қарастырылды.
Түйін сөздер: театр, шығармашылық, спектакль, сценография, режиссер, актер.







