Жетісу аймағының тұрғындарының мәдени өзгешеліктерінің әлеуметтік-экономикалық аспектілері
Аңдатпа
Бұл мақала Алматы облысының Жетісу аумағының әлеуметтік-экономикалық анализіне арналған. Автор Жетісу аумағына тарихи экскурс жасай отырып, Қазақстандағы миграция процестеріне заманауи көзқарасты тереңдетуге тырысады. Мақаланың басты аргументі – аумақтың геосаяси және әлеуметтік-экономикалық, Кеңес Одағы кезеңіндегі және заманауи тұрғындарының бейнесінің өзгеруінің толық анализін беру. Басқа мемлекеттердегі қазақ диаспораларының не себепті және қалайша пайда болуы, сонымен қатар, оралмандардың қазіргі Қазақстанның қоғамына әлеуметтік-экономикалық интеграциясының қиыншылықтары мен жеке мемлекеттерден оралған оралмандардың әлеуметтік-мәдени адаптациясының ерекшеліктері.
Түйін сөздер: Жетісу, әлеуметтік-экономикалық интеграция, оралмандар, әлеуметтік мәдени адаптация, қазақ диаспорасы.







