Заманауи мәдениеттің әлеуметтік-коммуникативтік құбылысы ретіндегі жарнама
Аңдатпа
Мақала жарнаманы мәдениеттанулық талдау тұрғысынан зерттеуге және әлемнің қазіргі заманғы бейнесін қалыптастырудағы жарнама коммуникациясының рөлін анықтауға арналған, жарнаманы әлеуметтік-мәдени феномен ретінде түсіну негізделеді. Бұл жұмыста жарнаманы құндылықтарды, стереотиптерді, адам мінез-құлқының үлгілерін қалыптастыратын тарих пен мәдениеттің туындысы ретінде ұғынудың негізгі тәсілдері ұсынылған. Қоғамдық жүйенің тепе-теңдігі үшін тек қана қазіргі тұтыну қоғамының қалыптастырушы факторы болып табылатын және негізінен нарық заңдары бойынша қызмет ететін коммерциялық жарнаманы дамытпай, сонымен қатар, әлеуметтік және мәдени өнімдер мен қызметтердің жарнамасын қолдау және жетілдіру аса маңызды. Жарнама тек экономикалық үдерістерге әсер етуші фактор ғана емес, сонымен қатар, қоғамның әлеуметтік-мәдени саласына да қатты ықпалы бар екенін көрсетіп отыр. Заманауи жарнама барлық салаларды қамтып отыр, сондықтан бұл құбылысты зерттеуші шетелдік және отандық ғалымдар жарнаманы тек тауар туралы екпінді ағын ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды жасаушы механизм ретіндегі нарықтық қоғамның институты деп есептейді.
Түйін сөздер: мәдениет, жарнама, бұқаралық мәдениет және қоғам, маркетингтік коммуникациялар.







