Қазақстанның зоотопонимдері көшпелі өткеннің коммеморация тәжірибесі ретінде
Аңдатпа
Қазақстанның географиялық атауларының ішінде зоотопонимдер маңызды орын алады. Олар ұлттық жадының, ұлттық сәйкестіліктің өзіндік анықтауышы (индикаторы) ретінде және де қазақтардың көшпелі өткен тарихының коммеморциясының тиімді тәжірибесі ретінде көрініс табады. Зоотопонимдік атаулардың әрқайсысы өзімен белгілі бір ақпаратты – «ашық» түрде болсын, «кодталған/жабық» түрде болсын – тасымалдай жүреді.
Бұл мақала көшпелі қазақтардың ділдік санасының ерекшеліктері мен олардың бастапқы наным-сенімдері, тотемдік дүниетанымы көрініс тапқан дәстүрлі зоотопонимдік атауларды зерттеуге арналады. Мақалада зоотопонимдік дискурстегі жабайы аңдар мен үй жануарлары бейнелерінің мәнмәтіндік схематизациясы мен концептуализациясын бақылау нәтижелері берілген.
Түйін сөздер: зоотопонимдер, Қазақстан, көшпелі өткен тарих, коммеморация, топонимдік аңыздар.







