Роберт Белланың азаматтық діні
Аңдатпа
Америка Құрама Штаттарының мәдениетіндегі діни және саяси құбылыстарды талдау жаңа ғылыми-теориялық қорыту болып табылады. АҚШ-тағы азаматтық дінді Роберт Белла көзқарасы тұрғысынан дін ретінде қарастыруға бола ма? Ғалым діннің құдайлық емес адамдық қырын зерттейді. Роберт Белла бойынша бізге жанама түрде қарастырғанда адамның және құдайдың кім екендігі белгілі тәріздес. Мұндай талап ғылыми болуы мүмкін емес. Адамның міндеті әлем туралы нақты білу, сонымен қатар өзін тану болып табылады. Бұл міндеткерлік барлық өмір салтына, сонымен қатар дінге де қатысты. Дін нақты сезімдік тәжірибеге қарағанда рефлексиялық тәжірибеге негізделеді. Дін діни тәжірибеге сүйенеді. Азаматтық және дәстүрлі діндердің айырмашылығы, адам дәстүрлі діндерде жеке басын құтқаруды, сондықтан дәстүрлі діндер оның жеке өмірін анықтайды. Азаматтық дінде адам өзінің қоғамдағы орнын сезіне алады. Азаматтық дін қоғамдық деңгейде өмір сүреді. Р. Белла діни рәміздерді саралау дәрежесіне негізделген бес кезеңге жіктелген жүйені ұсынды. Бес жіктеу кезеңдерінің атаулары: алғашқы қауымдық, архаикалық, тарихи, жаңа заманғы және қазіргі заманғы.
Түйін сөздер: діни-саяси құбылыс, АҚШ мәдениеті, рефлексия, азаматтық дін, ғалам.







