Қазақ халқының діни санасының қалыптасуы мен даму ерекшеліктері
Аңдатпа
Мақалада қазақ халқының діни санасының қалыптасуы мен дамуы, діндердің өзара қарым-қатынасының өзектілігі мен маңыздылығы қарастырылған. Қазіргі кезде дін тек адамзатты біріктіруші фактор ғана емес, сонымен қоса әлеуметтік мінез-құлықты реттейтін табиғи нормативтік-құндылықтың құраушысы болып есептеледі.
Қазақстан – діни толеранттылық пен конфессияаралық келісімге негізделген тәуелсіз және зайырлы мемлекет. Қазақстан кейбір тарихи факторлар әсерінен және өзінің геосаяси аймақта орналасуына байланысты сан алуан мәдениеттер мен діндердің тараған және қалыптасқан аймағы болып саналады. Қазақстан көп ұлтты мемлекет бола тұра, дүниежүзіне толеранттылық пен конфессияаралық келісімнің үлгісі болып табылады. Мақалада қазақ халқының рухани мұрасымен үйлесетін діндердің өткені мен бүгіні, мәдени және тарихи маңыздылығына талдау жасалған.
Сонымен қоса мақалада Қазақстандағы ислам діні мен оның өзге діндермен ортақ мүддеге негізделген қарым-қатынасы, олардың қазақ жеріндегі қалыптасуы мен дамуы сарапталып, тұжырым жасалған.
Түйін сөздер: діни сана, тәңіршілдік, бақсылық, ислам діні.







