Қытай қазақтары мәдениетіндегі ислам құндылықтары
Аңдатпа
Діннің қоғамда атқаратын негізгі функцияларының бірі – мәдениет тарату қызметі. Бүгінгі қазақ философиясы – қазақ дүниетанымы мен ислам құндылықтарының тоғысқан биігі. Исламның Қазақ даласына түбегейлі орнығуы VIII ғ. орта шеніндегі Тараз қаласының маңындағы араб әскербасы Зияд ибн Салих пен қытай қолбасшысы Гао Сяньчжи (Gaoshanzi) арасында бірнеше күнге созылған Атлах шайқасында арабтардың жеңіске жетуі айтарлықтай ықпалын тигізді. Қытай әскері күйрей жеңіліп, Жетісу мен Шығыс Түркістан азат етіледі. Араб әскерінің бұл жеңісі Орта Азия жерінде ислам діні мен мәдениетінің орнығуының бастауы еді.
Әлемдік қазақ қауымдастығының бір бөлшегі саналатын Қытай Халық Республикасында өмір сүріп жатқан қандастарымыздың діни жағдайы мен діни мәдениетін саралау бүгінгі күннің басты тақырыбы. Себебі, толыққанды қазақ мәдениетін түсіну шеттегі қазақтардың қоғамдық, саяси, діни жағдайын түсінбей шешілуі мүмкін емес.
Бұл мақалада қытайдағы қазақ халқына исламның таралуы мен ислам құндылықтарының сол өңірдегі қазақтардың тұрмысы мен мәдениетіне көрсеткен ықпалы жөнінде қысқаша тарихи дінтанулық талдау жасалынады.
Түйін сөздер: ислам, дін, мәдениет, Шығыс Түркістан, Қытай.







