Дінтанудағы діндер классификациясы және қазіргі заманғы жаңапұтшылдық
Аңдатпа
Мақала қазіргі заманғы пұтшылдықтың ескі діни наным сенімдермен типологиялық байланысын айқындауға бағытталған. Автор дінтанулық ғылымда қалыптасқан діндер классификациясына сүйене отырып, жаңапұтшылдық діни нанымдардың генезисін, қалыптасуы мен эволюциясын сипаттауға талпынады. Осы мақсатта автор Гегель, М. Мюллер және К. Тиленің діндер типологиясына талдау жасайды және соның нәтижесінде алынған түйіндерін қазіргі заманғы жаңапұтшылдықтың классификациясын жасауға және оның сипаттарын анықтауға кеңінен қолданады.
Түйін сөздер: дін, діндер классификациясы, тіл, тілдік топтар, діни топтар, политеизм, полизоизм, табиғи діндер, этикалық діндер, партикулярлық діндер, әмбебапты діндер.
