Инновациялық ойлау және оның Қазақстандағы қалыптасу мәселелері туралы

Авторлар

  • Д. М. Сундетбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • С. А. Колдыбаев А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Аңдатпа

Қазіргі қазақстандық қоғам өмірдің барлық саласында, соның ішінде, бұқаралық және жеке ойлауда да түбегейлі өзгерістерді бастан кешіруде. Мұндағы өзгеріс нәтижелерін философия, ғылым, білім, өнер, дін, саясат және экономикадағы ғылыми талдау мен зерттеуді қажет ететін жаңа тенденциялардың пайда болуынан көруге болады. Мақала авторлары қоғамда соңғы уақытта кеңінен тарап, белсенді талқыланып жүрген «инновация», «инновациялық даму» және «инновациялық қоғам» сияқты жаңа трендтерді қарастырады. Кез келген жаңа ұғым және тұжырым арнайы түсініктеме мен ой елегінен өткізіп, ұғуды және оны қоғамға жеткізуді талап ететіні анық. Бұл – философия міндеті. Инновацияларды түсіну үшін жаңа көзқарас пен дүниетаным, ойлаудың жаңа формациясы – «инновациялық» ойлау қажет. Қазіргі қоғамдағы қалыптасқан түсінік бойынша «инновациялық» тек техникалық инновациямен шектелетіндігін ескерсек, қоғамның инновациялық дамуы туралы толыққанды қарастыруға келмейтіндігі байқалады. Авторлардың түсінігі бойынша «инновациялық ойлау» жай ғана жаңа емес, ерекше ойлау қабілетінің негізінде баламасыз дүниелерді жасауға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: инновациялық ойлау, инновациялық даму, білім транформациясы, қазіргі заманғы қазақстандық қоғам.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-05-20