Конфуций іліміндегі рухани-адамгершілік құндылықтардың қоғамдық-саяси қатынастарды реттеуші фактор ретіндегі маңыздылығы

Авторлар

  • Н. Ж. Құдайбергенова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Берілген мақалада Конфуций іліміндегі рухани-адамгершілік құндылықтарға тән дәстүршілдікті сипаттап, олардың қоғамдық-саяси қатынастарды реттеуші фактор ретіндегі маңыздылығы айқындалған. Конфуций ілімі діни, философиялық ілім ретінде де, этикалық және эстетикалық теория ретінде де, әлеуметтік, саяси концепция ретінде де әлемнің әртүрлі елдерінде зерттелуде. Ежелгі Қытай философиясында Конфуцийдің этикалық ілімі қоғам өркендеуімен, әлеуметтік мәселелермен тығыз байланысты болған, сол себепті автор зерттеу бірқатар еңбектеріне сүйене отырып, ойшылдың саяси-этикалық ілімінің гуманистік мәнін ашуға тырысқан. Әлеуметтік дамудың тұғыры ретінде дәстүрге ерекше мән берген Қытай ғұламасының философиялық ой-тұжырымдарының ұлттық ділді, әлеуметтік мінез-құлықты қалыптастырудағы маңыздылығын көрсеткен.
Түйін сөздер: Конфуций, бес тұрақтылық, ли, рухани-адамгершілік құндылықтар, парасатты ер.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-05-20