Абай философиясындағы антропологиялық мәселелер

Авторлар

  • Б. Қ. Елубаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • А. Х. Рамазанова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Абайдың шығармашылық мұрасы терең философиялық ой-аңсарға толы: ол өзі үшін философияның негізгі мәселесі – адам мәселесін байыптылықпен өткір түрде алға тартып, адамның өнегелі қасиеттері туралы ілімді дамытады, адам баласының иман тұрғысынан жетілуінің адами қағидаларын қозғайды, философиялық, эстетикалық, этикалық тұрғыдан адамның таным қабілеттері мәселелерін қарастырады.
Абай философиясының ортасында адам, сондықтан ойшылдың бүкіл рухани ізденістері мен ойлары соған бағытталған. Ойшыл адамның рухани қалыптасуының жолдарын іздей тұра осы мақсатты адам экзистенциясының басты мәселесі ретінде түсінеді. Абай адам болмысының мәнін білімде көреді, әсіресе, жүре келе танитын ақиқатты білімде. Ақиқатты білім тек рационалды біліммен шектелмейді, ғылыми танымнан бөлек адамға рухани таным қажет, ізгілікті тани білуі керек.
Түйін сөздер: жан, ар, руханилық, ұят, ақыл, ғылым.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-05-20