З. Фрейд пен К. Ясперс концепциясындағы адам және оның әлемі
Аңдатпа
Мақалада З. Фрейд пен К. Ясперстің концепцияларындағы адамның түпкі мәні, оған қатысты психоанализ бен экзистенциализмнің логикалық тұрғысы туралы мәселе қарастырылады. З. Фрейдтің түсінуі бойынша адамның ойлары, оның рухани дүниесі толығымен себептілік заңына бағынышты, өйткені оның түпкі мәні өзінің биологиялық табиғаты болып табылады. Сондықтан да Фрейдтің түсіндіруінде адам шынайы рефлексиялық іс-әрекет түрінде көріне алмайды.
Фрейдпен салыстырғанда К. Ясперс адамның түпкі мәні еркіндік деп түсінеді. Яғни бұл тұрғыдан ол И. Канттың көзқарасына біршама жақын. Ясперстің ойынша: адамның түпкілікті негізі аяқталмаған, аяқталмайды да. Ол – мәңгілік аяқталмайтын процесс. Адамның түпкі мәнін бірден бір анықтама ретінде таза ғылым шеше алмайды. Адам туралы ғылымдар оның белгілі бір шектелген нәтижелерін ғана зерттеп алады.
Түйін сөздер: еркіндік, Sui, субстанция, сана, бейсаналық, болу жолы.







