Өтпелі кезеңдегі қоғамды зерттеудің әдіснамалық ерекшеліктері
Аңдатпа
Мақалада посткеңестік республикалардың өтпелі кезеңі дәстүрлі қоғамдардың табиғи тарихи қайта жаңару процесінің органикалық бір бөлшегі болып табылатындығы және олардың қазіргі глобалды демократиялық толқындағы ұйымдастыру мен дамудың формалары екендігі көрсетіледі. Жұмыста дәстүрлі нарықтық қатынастардың нәтижесінде пайда болған жаңа қоғамдық-саяси және әлеуметтік-саяси өзгерістерді зерттеудің принциптері мен әдіснамаларының оптимальды жиынтығы қарастырылады. Өзгерістерге қоғамның әлеуметтік саяси трансформациясының батыстық моделі, бәсекелестік демократия, нарықтық шаруашылық, әлеуметтік мемлекет, тұтынушы қоғам, өмірдің стандарттары мен құндылықтары жатқызылады.
Түйін сөздер: қоғам, демократия, құқық, нарық, трансформация, әлеуметтілік, саясат, мәдениет, формация, өркениет.







