Қазақстан қоғамында демократия мен әлеуметтік-саяси бірегейліктің қалыптасуы
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан қоғамында демократияның және әлеуметтік-саяси бірегейліктің қалыптасу мәселелері қарастырылады. Қазақстанның суверенді және тәуелсіз жылдар кезеңіндегі қол жеткен әлеуметтік-саяси өзгерістеріне талдау жасалып, «Қазақстан 2050» даму стратегиясы контексіндегі әлеуметтік-саяси бірегейліктің қалыптасу ерекшеліктері анықталған. Әлеуметтік-саяси бірегейліктің қалыптасу барысында «Мәңгілік ел» патриоттық актысының маңызды рөлі айқындалды. Барлық қазақстандықтарды бір шаңыраққа біріктіретін жалпықазақстандық ұлттық идея суверендік кезеңде қалыптасқан негізгі құндылықтар екендігі көрсетіледі. Оларға болашақ елдің іргетасын құрайтын тұрақтылық, толеранттылық, теңдік сияқты ұғымдар жататындығы дәйектеледі
Түйін сөздер: әлеуметтік, саясат, бірегейлік, трансформация, қоғам, ұлт, мемлекет, мәдениет, құндылық.







