Қазақстан Республикасында діни және саяси қарым-қатынастар: жай-күйі мен проблемалары
Аңдатпа
Бұл мақалада авторлар мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастарға талдау жасады. Талдау Қазақстан Республикасының мысалында жүргізілді. Қазіргі заман шындығы қоғаммен үкіметтен мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастардың және қоғамдық, мемлекеттік институттардың дамуы мен қалыптасуын түсіне білуін талап етеді. Ол осы қарым-қатынастарды дамытуға және қазіргі замандағы қазақ қоғамының өмірін қалыптастырудағы олардың рөлін құруын сипаттайды. Жалпы, осы қарым-қатынастардың дамуын сипаттау арқылы мемлекеттің осы қарым-қатынастарды қарау саясаты қарастырылады. Мемлекеттің түрлі діни конфессиялар мен ұйымдар арасындағы қарым-қатынасына ерекше назар аударылған. Мемлекеттің конфессияның қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының конституциясы 1-ші бабына сәйкес, яғни Қазақстан демократиялық зайырлы және құқықтық мемлекет деп көрсетілген. Ар-ождан бостандық адамның ең маңызды құқықтарының бірі болып табылады.
Түйін сөздер: конфессия, дін, діни және саяси қарым-қатынастар, Қазақстан, діни ұйымдар, зайырлы, дамуы, мәселелері







