Асқар Тоқпановтың қазақ театр режиссурасын дамытудағы жаңалығы
Аңдатпа
Мақалада қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері А.Тоқпанов режиссурасындағы жаңалықтар қарастырылған. Ол қай тақырыпқа барса да, тарихи болмысқа байланысты халықтың тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын, сахналық жабдықтар мен киім үлгілерін этнографиялық дәлдікпен тура беріп отырғаны айтылды. Сонымен қоса пьеса тіліне, автор сөзіне, дауыс үнінің дұрыс шығуына, сөз ырғағының, тыныстың орынды қойылуына, тіл өнеріне қажетті шығармашылық жұмыстарға мейлінше көңіл бөлген. Режиссер актерлердің еркін ойлауына және оларды рольге зор жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеген. Сахнада адам өмірінің ерекшелігін, рухани негізін ашуды талап етті. Орындаушылармен роль үстінде тыңғылықты жұмыстар жүргізіп, олардың шеберлігін ұштауға мол ықпал жасады.
Түйін сөздер: театр, шығармашылық, спектакль, сценография, режиссер, актер.







