Адам өнердің философиялық мәселесі ретінде
Аңдатпа
Мақалада әр кезеңдегі философтар мен суретшілердің адам болмысы мен өнер шығармаларына қатынасы талданады. Сонымен қатар, идеал категориясын қарастыруға ұмтылмайтын және әсемдіктен де ажарсыздықты көрсетуді қалайтын заманауи өнер туралы сөз қозғалады. Біз «идеал» туралы айтқанда адам санасы мен практикада объективтендіріліп, нақты адам өмірінде рөл атқаратын қандай да бір «априорлы берілгендік» туралыны қарастырмаймыз. Біз оны «кемелденгендік» пен «аяқталғандықтың» қандайда бір бейнесі ретінде, өнердегі креативті әрекет, көркем шығармашылықта стимул беруші өмір бастауы. Сондықтан, біз өнер архитектоникасын талдағанда, сонымен қатар, әлем моделін адам болмысын конституциялайтын рухани және даралық болмыс, адам әлемін анықтаушы болмыстың басты өлшемі мен құндылығы ретінде анықталады. Адам әлемінің болмыстық негізі заманауи өнерге әлемдік жаңа контексті, «Меннің» «басқаға» қатынасының маңыздылығын терең түсінуінде болуы мүмкін.
Түйін сөздер: адам болмысы, эстетикалық категориялар «идеалды» мен «ажарсыз», «кемелденгендік», «аяқталғандық», Прага Квадренниалі (PQ).







