Тарихи тұлғалардың драмалық шығармалардағы сомдалу ерекшелігі

Авторлар

  • З У. Исламбаева Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы image/svg+xml
  • Н. Р. Ескендиров Қазақ ұлттық өнер университеті

Аңдатпа

Ғылыми мақалада авторлар өткен ғасырда жазылған пьесалардың, олардағы идеяның бүгінгі күн үшін тарихи маңыздылығын, рухани құндылығын талдаған. Ұлттық драматургияның негізін қалаған К. Тоғысов, А.И. Лиханов, Б. Серкебаев, т.б. шығармаларының көркемдік деңгейі төмен болғанымен қазақ драматургиясының алғашқы баспалдағы ретіндегі мәнін атап өтеді. Авторлар пьесаларына кәсіби талдау жасай отырып, бұлардағы ұлт-азаттық қозғалысының туындау себептерін ашып берген. Жазушылардың Кенесары, Исатай, Махамбет, Жәңгір, Баймағамбет сынды тарихи тұлғалардың тарихи-әлеуметтік бейнесін кескіндеудегі ізденістерін саралау мақала авторларының назарынан тыс қалмаған. Сондай-ақ, талдауға алынған шығармалардағы кейіпкерлер мінездерінің ашылу барысын, олардың төңкеріс жолындағы саяси ұстанымдарын нақты тарихи дәлелдер арқылы саралайды. Драматургтердің ремаркасындағы сөз бен әрекеттің, ой мен пластиканың қисынды байланысы нақты ғылыми тұжырымдармен берілген.
Түйін сөздер: ұлттық драматургия, театр, көркем өнер, тарих, ой-тұжырым, әдеби жанр, жазушы, тәуелсіздік, төңкеріс, диалог, ізденіс, әлеуметтік ахуал.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-04-03