Ислам жүйесінде бала тәрбиесінің орны

Авторлар

  • Қ. С. Бағашаров Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Мақалада ислам дініндегі тәрбие жүйесі, әсіресе бала тәрбиесінің орны, бала тәрбиесінің нәзік тұстары, балаға жеткілікті көңіл бөлуде Мұхаммед пайғамбардың өзіндік тәжірибесі, бала тәрбиесінің мұсылмандық негіздері жан-жақты қарастырылады. Атап айтқанда, Мұхаммед пайғамбардың балаларға қалай көңіл бөлгені, тәрбиеге үлкен жауапкершілікпен қарағаны, баланы тәрбиелеу үшін мейірімділік таныту, жақсы көру, ақылмен еркелету, көңіл бөліп ойнату, адал несібемен бағып-қағу, ұл-қыз деп алаламау, ешқашан алдамау, берген уәдені орындау ұстанымдары айқындалады. Бұған қоса, әр қылығына түсіністікпен қарау, жынысына сай тәрбие беру, денесін шымырлыққа шынықтыру, жастайынан иман негіздерін сіңіру, ата-ана ретінде отбасында жақсы өнеге көрсетіп, нашар қылықтарға жуытпау, баланы жастайынан тазалыққа, адамгершілікке, ізгілікке, мұсылмандық әдептілікке баулу мәселелері тілге тиек етіледі.
Түйін сөздер: бала тәрбиесі, ислам, Мұхаммед, мұсылмандық.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-04-03