Әл-Фарабидің әлеуметтік-этикалық көзқарастарының қазіргі әлемдегі өзектілігі
Аңдатпа
ХХ ғасырдың соңында әлем ұлттар мен халықтардың өзара жаһандануы туралы айтып, оны мойындады. Біз жаһандық қоғамдастық ретінде әлемдік мәдениет, әмбебап құндылықтары ұғымдарын қолданып жатырмыз. Жаһандану дегеніміз не? Жаһандану «әлемдік модель», ол әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси шындықтың бір түрі болып табылады. Бірақ біздің адамгершілік құндылықтарымыз сақталуда ма? Қазіргі уакытта жылдам және жақсы болу ушін не қажет? Кемел адам болу мүмкін бе? Қандай критерийлер бізді кемелдікке жеткізеді деген сұрақтар туындайды.
Әл-Фараби мұрасы қазіргі заманғы жаһандану дәуірінде өзекті болып қалуда.
Мақалада біз әл-Фараби еңбектерінде ізгілікті қоғам, дін және кемел адам маңыздылығын және қазіргі кемел адамды жаһандық контексте қарастырдық.
Түйін сөздер: Әл-Фараби, фалсафа, ізгілікті қоғам, дін, кемел адам, заманауилық, жаһандану.







