Билік және тіл: әлеуметтік институттарды құру теориясы
Аңдатпа
Берілген мақалада әлеуметтік институттардың құрылу теориясы, әлеуметтік әлемнің онтологиясы танымал философ Джон Серльдің әлеуметтік шындық теориясы тұрғысынан қарастырылған. Мақалада әлеуметтік шындық және әлеуметтік фактілерді құру мәнмәтініндегі тіл мен биліктің арақатынасы, статус-функцияларды белгілеу жолымен әлеуметтік институттарды қалыптастыру үлгілері келтірілген. Оған қоса, автор билікті қамтамасыз етіп, тіл құралдары көмегімен қалыптасатын ұжымдық интенционалдылық, алға тарту және статус-функцияларды жария ету жолымен институционалдық шындықтың құрылуын сипаттайды.
Түйін сөздер: әлеуметтік институт, билік, тіл, статус-функция, әлеуметтік шындық онтологиясы.







