ХХ ғасырдағы дін философиясының даму бағыттарындағы адам мәселесі
Аңдатпа
Бұл мақалада ХХ ғасырдағы дін философиясының арналарына жеке-жеке талдаулар жасап көрсете келе, әрбір бағытқа өзіміздің көзқарастарымызды білдірдік. Атап айтқанда, психоанализ, діни тәжірибе, дінді эпистемологиялық тұрғыдан тану т.б. бағыттар сараланды. Бірақ олардың әрқайсысы әр түрлі бағыттар мен ұстанымдарды негізге алады. Ең бастысы қазіргі діни ахуал мен дін философиясы түптеп келгенде, адам мәселесінен тыс бола алмайды. Алайда, барлығы да белгілі бір конвенционалистік бағдарды қолдайды, ешқайсысы да атеистік немесе фанаттық сенімді уағыздамайды және рационалды тұрғыдан дінге келудің өзіндік үлгісін көрсетіп береді.
Түйін сөздер: дін, философия, адам, руханилық, моральдық құндылықтар.







