Қазіргі христиандық аясындағы конфессияаралық келісім мұраттары

Авторлар

  • Б. Қ. Бейсенов
  • А. Р. Игисенова

Аңдатпа

Мақалада христиан әлеміндегі конфессияаралық сұқбаттастық тарихы және қазіргі христиандық бағыттар арасындағы қатынастар қарастырлады. Сонымен қатар, Рим католик шіркеуі мен Орыс православ шіркеуі қатынасы екі шіркеу басшыларының тарихи кездесуінің өркениеттік маңызы және біріккен декларацияның ұстанымдары талданады. Бүгінгі жаһандық сын-қатерлер заманында дінаралық келісімнің кешірім мен татулық, түсіністік және әріптестік қағидалары діні бір халықтар үшін ғана емес түрлі діндер мен мәдениетті ұстанатын халықтар үшін маңызы зор екендігі пайымдалады. Христиандық үнқатысу мәдениеті сан ғасырлық текетіресті бейбіт жолмен шешуге болатындығына деген адамзаттың үмітін тудырды.
Түйін сөздер: христиандық, конфессияаралық диалог, христиандық, зайырлы әлем, шығыс шіркеулері, Шет елдегі ОПШ, діндарлық, төзімділік, миссионерлік, прозелитизм, католиктік, православия, келісім, Папа, Патриарх, Ватикан, халықаралық саясат, тарихи кездесу, декларация, ұждан бостандығы, адам құқығы, Таяу шығыс және т. б.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-03-15

Журналдың саны

Бөлім

МӘДЕНИЕТТАНУ