Әл-Фарабидің білім және білімді берудің маңыздылығы туралы ойлары
Аңдатпа
Бұл мақалада, әл-Фарабидің философиялық жүйесіндегі білім мен педагогика мәселесі әлеуметтік феномен ретінде жан-жақты қарастырылады. Бұл феномен тікелей адам жанымен тығыз байланысты, сонымен қатар, әрбір жеке тұлға қоғамның мүшесі болуға, өзінің жеке кемелінің деңгейіне жетуге, соның нәтижесінде өзіне қойылған басты мақсатқа жетуге ерте жастан бастап дайындалатынын растайды. Білімге бағытталған іс-әрекеттердің барлығы әл-Фарабидің ойынша, белгілі бір кезеңде және қоғамда құндылықтар, ілім мен тәжірибелік мүмкіншіліктерді тұлғаның игеруі деп тұжырымдайды. Білім алудың басты мақсаты жеке тұлғаны кемеліне жеткізу болса, ал әлемде адамзаттың өмір сүруінің басты мақсаты абсолюттік жақсылық – жоғарғы деңгей деп танылатын бақытқа жету деп анықталады.
Әл-Фараби білім алу мақсаттарының барлығы үйрену мен тәжірибені бірдей деңгейде біріктерді: кез келген алынған теориялық білім тәжірибе жүзінде іске асылыруы тиіс деп тұжырымдайды.
Түйін сөздер: Білім беру, теория, тәжірибе, саяси көшбасшы, моральдық, жеке тұлға, педагогикалық, интеллектуалды білім, дидактика.







