Мормондар қауымының зерттелу тарихы
Аңдатпа
Қазіргі күні кеңестік дінсіздіктен арылып, рухани өмірдің мәселелеріне көп қызығушылық танылуда. Руханилық тіпті сәнге айналғандай, барлығы дін туралы айтуға көшті. Бірақ та руханилық, сенім, дін – өте нәзік нәрселер, оларды қажетті білімсіз айта беруге де болмайды. Мақалада қазіргі кезде елімізде тіркеліп, белсенді қызмет атқарып жүрген діни ұйымдардың бірі – «Соңғы күн әулиелерінің Иисус Христос шіркеуі» атауымен белгілі мормондар қауымы туралы айтылады. Қазақстанда бұл тақырыптағы атап айтарлықтай ғылыми жұмыстардың жоқтығынан, негізінен ресейлік ғылыми еңбектерге, орыс және қазақтілді ғаламтордағы мақалаларға жүргізілген шолу нәтижелері берілген.
Түйінсөздер: дін, жаңа діни қозғалыстар, мормондар, «Соңғы күн әулиелерінің Иисус Христос шіркеуі», Джозеф Смит, Мормон кітабы.







