Өрісті ойлау мәдениетіндегі бейәдептік тәсілдер мен қисынсыздық және заманауи зияткерлік
Аңдатпа
Мақалада өрісті ойлау мәдениетіндегі бейәдептік және бейлогикалық тәсілдердің өзекті мәселелері қарастырылады және заманауи кезеңдегі интеллектуалды ұлт қалыптастырудың ерекшеліктері сарапталады. Сөздерді құбылтатын спекуляциялық, софистикалық т.б. тәсілдерге сыни талдау жасалынады және оларға қарсы күрестің нақты жолдары көрсетіледі. Сондай-ақ, бұл мақалада өзіндік көзқарасты білдіру мен ойтолғам үдерісінде спекулятивті алдаусыратумен күресуде нақты тіреу бола алатын әдістемелер мен нақты әдіснамалар жүйелі түрде ұсынылады. Өзгелер мен өзінің пікірлерінің кемшін, жетілдіруді қажет ететін тұстарын дер кезінде табумен ыңғайласатын нақты және парасатты қадамдар бірнеше пункттермен беріледі. Бұл идеялар мынадай ұстанымдар арқылы тиянақталған: қарапайым сөйлемдерді арнайы күрделендіру; жалған, интеллектуалды ойынға қарай жетелейтін – ойларды спекуляциялау мен софистикаларды әдейі қолдану; сондай-ақ, өрісті логикамен қаруланған субьект үшін осындай сұхбаттастық пен ойлау әдебін сақтау ұсынылады; өрісті логик өзгелермен қарым-қатынаста, басқа да ғылым салалары өкілдерінің арасында өзін-өзі ұлықтамауы тиіс. Бұндай құрылымдар өзгелерге мәжбүрлеп таңылмайды, тек парасатты, өрісті ойтолғамдар үшін ұсыныстар ғана береді.
Түйін сөздер: өрісті логика, зияткерлік, әдіснама, ойлау мәдениеті, бейәдептілік, софизм, спекуляция, жастар, философия.







