Әлеуметтік саясат Қазақстандағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің құралы ретінде
Кілт сөздер:
әлеуметтік саясат, әлеуметтік қорғау, тұрақтылық, әлеуметтік көңіл-күй, әлеуметтік шиеленіс, жұмыссыздық, өмір сапасы, инфляция, кедейшілік, еңбекақы, ең төменгі күнкөріс деңгейіАңдатпа
Мақала өмір сүру сапасын көтеру және әлеуметтік шиеленістің
алдын алуға бағытталған іс-шаралардың жүйесі ретінде Қазақстанның
әлеуметтік даму және әлеуметтік қамтамасыз ету салаларындағы
саясатына арналған.
Авторлардың пікірлерінше, экономиканың тұрақты дамуы қазақ-
стандықтардың өмір сүру деңгейін айтарлықтай жақсартуға, еңбек
қатынастарын реформалауды және халықты жұмыспен қамтамасыз
етуге, жинақтаушы зейнеткерлік жүйеге көшуге, әлеуметтік жәрдемақылардың
жаңа түрлерін енгізуге, әлеуметтік көмек көрсетудің
мекенжай жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Мақалада халықтың
әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттің саясатына оң
көзқарасын көрсететін әлеуметтанулық зерттеу және сараптамалық
сауалнаманың нәтижелері қолданылды. Қазақстандықтардың
әлеуметтік көңіл-күйлеріне теріс ықпал ететін мәселелер анықталды
және қазіргі таңдағы қиындықтарға қарамастан (қуат ресурстары мен
металдардың әлемдік нарығындағы жағымсыз сыртқы конъюнктура),
олар өздерінің тез шешімдерін табуды талап етеді.







