Ж-Ф. Лиотардің постмодернистік білім және ғылым тұжырымдамасы
Кілт сөздер:
Лиотар, постмодернизм, постмодернистік білім, ғылым, білім, білім беру.Аңдатпа
Мақалада Ж .Ф. Лиотардың постмодернистік білім және ғылым теориясы қарастырылады. Ғылыми білім идеялары жан-жақты зерттел- ген. Лиотардың пікірінше білімнің қызметі өзгерді. Білімнің тауарлық сипатқа ие болғандығын анық көруге болады. Білімнің ендігі міндеті субъектіні әлеммен таныстырудан емес, ал білімдердің мақсаты оның өндіруші күшінен көрінеді. Заманауи ғылым үрдісінде басты назар ғылыми білімге ғана бағытталған. Лиотар ғылыми білім білімдердің бірден-бір формасы еместігін, оның білім формаларының қатарында тұрғандығын айтады. Лиотар «нарративті білімді» қарастырады. Пост- модернистік ғылым Людвиг Витгенштейн мағынасында «тіл ойын» ре- тінде ерекшеленеді. Постмодернистік білім плюрализмге бағытталған.
