Адами капитал қалыптастырудағы ұлттық рухани мұраның рөлі

Авторлар

  • Г. З. Абдрасилова
  • Ә. Н. Бұхаев

Кілт сөздер:

адами капитал, технологиялық мәдениет, позитивті интеграция, ұлттық инновация жүйесі.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстандық білім беру жүйесіндегі мәдени-әлеу- меттік және рухани мәселелердің астарында жатқан «адами капи- талдың» негізгі қырлары талданды. Мақала авторлары инновациялық технологиялар әлемі құшағындағы студент жастар бойында біртұтас дүниетаным қалыптастырудың - адами капитал қалыптастырудағы басымдық екеніне назар аударады. Адам потенциалын капиталға ай- налдыру - ақпараттық қоғамдағы өндірістің маңызды да басты фак­торы. Осы салаға жеткілікті инвестиция жасау - кез-келген ұлттың экономикасының басымдығына айналуда. Өйткені түпкі мақсат - адамға несиеленген бастапқы құннан да артық кіріс келтіретін, адам қабілеттерінің өзіндік өсімі болып отыр. Мақала авторлары аталмыш үдерісте ұлттық философиялық мұраның тағылымдық мәні шешуші рөл атқаратындығын тұжырымдайды.

Жүктеулер

Жарияланды

2015-12-01