Интернет және қазақстандық- тардың ұлттық бірегейлігі
Кілт сөздер:
интернет, ұлттық бірегейлік, желілік бірлестіктер, ұлт, «дерексіз қоғамдастық».Аңдатпа
Мақалада қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар- дың, оның ішінде интернеттің заманауи қазақстандық қоғамның өміріндегі орны, сонымен қатар оның қазақстандықтардың ұлттық бірегейлігіне деген әсері қарастырылады. Авторлар қазақстандық- тардың Интернет желісін пайдалану бойынша статистикалық көрсет- кіштеріне талдау жасап, оларды дамыған мемлекеттердің баламалы мәліметтерімен салыстырады. «Араб көктемінің» мысалында заманауи ақпараттық технологиялардың мемлекеттің әлеуметтік-саяси тұрақтылығына деген ықпалының маңыздылығы негізделген. Қазақ- стандық жастардың әлеуметтену барысында виртуалды кеңістіктің негізгі субъектілері болып табылатын желілік қоғамдастықтар мен блогерлердің маңыздылығы зерттеледі. Ұлттың «дерексіз қоғамдас- тықтан» азаматтардың «деректі» қоғамына өзгеру мүмкіндігі негіз- делген.
