Әлеуметтік философиядағы ұлттық бірегейліктің мәні мен рөлі

Авторлар

  • Т. Т. Оспанов

Кілт сөздер:

идентичность, самосознание, национальная идентичность, общество, субъективность, ценности.

Аңдатпа

Ұсынылып отырған мақала әлеуметтік философиядағы ұлттық бірегейлік феноменін зерделеуге бағытталған. Автор ұлттық біре- гейліктің іргелі негіздері мен түйінді ұстындарының мәні мен рөлін, зерттеліп отырған құбылыстың өзгермелі табиғатымен бірлікте ашып көрсетуге ұмтылыс жасаған. Адамзат қоғамының құрылымдық бөл- шегі ретіндегі жеке және ұлттық бірегейлік арасындағы байланыс айқындалған. Сонымен бірге мақалада әлеуметтік байланыстар ар- қылы тұлғаның өзін анықтауының тұрақты үдерісі саналатын әлеу- меттік қатынастардың ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлі ай- шықталған. Тұлғаның ұлттық өзіндік идентификациясы нәтижесінде оның өзін бүтін мен бөліктің арасындағы біртұтас байланыс туралы түсініктер қалыптастыратын белгілі бір қауымға телитін үдеріс ретін- де қарастырылады. Бұл үдерістегі аса мән беретін ең маңызды түйін тұлғаның белгілі бір адамзат қауымына қатысты сезімі, ұжымдық бі- регейліктің өзгеше үлгісін субъективті деңгейде саналы түрде қабыл- дауы болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2015-09-01