Бостандық қазіргі заман қоғамының құндылығы ретінде
Кілт сөздер:
әлеуметтік құндылық, құндылық, бостандық, зайырлы қоғам, қоғамның өзгеруі.Аңдатпа
Бұл мақалада бостандық жеке тұлға менжалпы қоғамның жай- лы дамуы үшін қажет әлеуметтік құндылық ретінде қаралады. Бос- тандық ұзақ уақыт бойы философиялық рефлексияның мәні болып табылады. Мақалада бостандықтың саясат, діни таңдау, әлеуметтік сала, ғылым мен өнер саласындағы көптеген қырлары бар деп таны- латын көзқарас келтірілген. Қоғам үшін саясатта және қоғамның діни өміріндегі бостандықты сақтау аса маңызды болып табылады. Бос- тандық көп жағдайларда басқа мәдени тәжірибенің, басқа да құнды- лықтардың болашағын айқындайды. Мақала авторы бостандықтың бірінші кезекте Еуропаның революциялық өзгерістерінің жемісі болып табылады деген белгілі теорияларға қарамастан, оның дәстүр- лі қазақ қоғамына тән құндылық болып табылатындығына ерекше назар аударады. Қазіргі заманғы қазақстандық қоғамда бостандық- тың құндылық ретінде белгілі өзгеруі орын алды. Қазақстандағы ар- намыс бостандығы мен саяси өмірдегі бостандыққа қатысты жағдай өзіне зор көңіл аударуда. Бүгінгі қазақстандық қоғамда діни тәжіри- белер мен саяси шешімдер таңдауда бостандықты жоғалту қаупі бар.
