Орал облысы қазақтарының съезін өткізудегі Ж. Досмұхамедовтың рөлі

Авторлар

  • С. Ш. Мұсатаев
  • А. Балкеев

Кілт сөздер:

Жаһанша Досмұхамедов, Орал облысы қазақтарының съезі, мемлекеттілік, ұлттық мүдде, алаш, автономия.

Аңдатпа

Мақалада тарихи деректер негізінде Жаһанша Досмұхамедовтың
Орал облысы қазақтарының съезін өткізудегі рөлі, атқарған қоғамдық
қызметтері сондай-ақ, саяси көзқарастары саясаттанулық тұрғыда
талданады. Батыс Алашорда үкіметінің лидері ретінде танымал
Ж. Досмұхамедов Орал облысы қазақтары съезін ұйымдастыру
мен өткізудің басы-қасында жүргені, съезд төрағасы болғандығы
саясаттанушылар тарапынан әлі толық бағасын алған жоқ, оның саяси
қызметі жеткілікті зерттелген жоқ. Мақалада оның қайраткерлігі,
ел болашағын ойлап, ұлттың сақталуы үшін мемлекеті болуы
керектігі туралы идеялары, федерация құрамындағы автономды
демократиялық республика болуы маңызды екендігін көрсеткендігі
айтылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2015-03-01