Германияның медиажүйесі және БАҚ құқықтық негіздері

Авторлар

  • А. К. Назарбетова

Кілт сөздер:

Германияның бұқаралық ақпарат құралдары, масс- медиа, сөз және баспасөз бостандығы, ақпарат көздері, баспасөз, радио, теледидар, интернет.

Аңдатпа

Мақалада
өзіндік
медиялық
ерекшеліктері
бар Германияның
бұқаралық
ақпарат
құралдары
қарастырылады.
Ондай
ерекшеліктерге
баспасөз
және
телерадиохабарлар
тарату
саласындағы
федералды
жерлердің
егемендігі
немесе
бұқаралық-
құқықтық
және
жеке
БАҚ-
тың қатар
өмір сүруі
жатады,
мұндай
жағдай
барлық
батыс
елдеріне
тән емес. Сөз және
баспасөз
бостандығына
байланысты
да Германия
басқа
мемлекеттермен
салыстырғанда
жақсы
орында.
Пікір
алуандығы
және
ақпарат
алуандығы
жеткілікті
мөлшерде
жоғары
деңгейде
қамтылған.
Баспасөз
үкіметтің
немесе
белгілі
партияның
қолына
шоғырланбаған,
ол қоғам
өкілдерінің
қолында.
Германияда
масс-медиа
өкілдерінің
әлдекімдерге
қарағанда
ақпаратты
жинауға
және
таратуға
құқығы
көбірек
деп есептейді.
Бұл құқықтар
медиакеңістіктің
қоғамдық
пікірді
қалыптастырудағы
және
қоғам
мүддесіне
қызмет
етудегі
ерекше
рөлінің
салдары
болып
табылады.
Сонымен
қатар
Германияда
сөз және
баспасөз
бостандығының
маңызды
элементі
ретінде
баспасөз
органдарының
алуандығын
айтуға болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2015-03-01