Ханафи Мәзһабының қалыптасуында куфа мектебінің орны

Авторлар

  • Қ. Ж. Мамбетбаев

Кілт сөздер:

Ханафи мәзһабы, Әбу Ханифа, Абдуллаһ ибн Мәсғұд, Куфалық фиқһ мектебі, хадис әдіснамасы, рай мектебі, сахабалар, табиғиндер.

Аңдатпа

Бұл мақалада Куфалық фиқһ мектебінің қалыптасу кезеңі, оны қалыптастырушы негізгі тұлғалардың Мұхаммед пайғамбардың үнемі жанында жүрген хас сахабалар мен танымал табиғиндер екендігі дәйектермен дәлелденеді. Сондай-ақ, Куфа шаһарының мұсылмандар мекендеген өзге өңірлерге қарағанда хадис және фиқһ саласында ана ғұрлым көш алдында екендігі, жалпы ғылыми іргесі, дінді түсіну мен үкім шығарудағы негізгі ерекшеліктері зерттеліп отыр. Куфалық рай мектебінің жалаң ақылға жүгіну емес, хадистерді қабылдауда хадисшілердің ұсынған өлшемдерінен өзгеше критерилерді ұсынған ғылыми әдіснама екендігі де қарастырылады.

Жүктеулер