Қазақстан Республикасындағы тыйым салынған діни ұйымдар
Аңдатпа
Қазақстан Республикасындағы діни ахуал мəселесі қарастырылады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының шешімімен тыйым салынған діни бірлестіктер тізімі бойынша əр бірлестікке байланысты түсініктеме беріледі. Аталған ұйымдардың қызметі, тыйым салыну себебі мен террорлық əрекеттері жəне оның салдары сарапталады. Аталған ұйымдардың таралу аймағы жəне олардың қоғамға зиянды істері, дін ұстанушыларға психикалық жəне физикалық күштеу көрсету əрекеттері сынға алынады. Қазіргі таңда ұлттық деңгейде Қазақстан территориясында тыйым салынған террористік жəне экстремистік құрылымдар саны 16-ға жетті. Мақалада автор Қазақстан Конституциясы бойынша еліміз тəуелсіз жəне зайырлы мемлекет болғандықтан адамның санасына кері əсер ететін кез келген діни бірлестікті қоғамға қауіпті деп танып, оларға заңды түрде тыйым салуды ұсынады. Түйін сөздер: экстремизм, терроризм, радикалдық, толерранттылық, діни бірлестік.
