Исламның келешегі: мəселелер мен мүмкіндіктер

Авторлар

  • Zh. B. Momynkulov Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ

Аңдатпа

Мақалада мұсылман елдерінің даму мəселелері қарастырылып, Таяу Шығыс елдеріндегі саяси жəне интеграциялық үдерістердің дамуындағы исламның рөлі ерекше аталады. Автор аймақтың тарихи мəселелеріне талдау жасап, мұсылман əлемінің келешегіне қатысты өз пікірі мен болжамын ұсынады. Келешекте араб елдері ортақ тарихи жəне географиялық жақындықтың, діни жəне мəдени ұқсастықтың негізінде ірі интеграциялық құрылым құруы мүмкін. Əзірше бұл мүмкіндіктің жүзеге асуына мұсылман əлемін біріктіретін, жұмылдыратын жетекші бір елдің болмауы кедергі келтіруде. Түркия, Мысыр немесе Сауд Арабиясы мұсылман əлемінің геосаяси көшбасшысы, мəдени-идеялық орталығына айналудан үміткер елдер болып табылады. Алдағы жиырма-отыз жылда ислам əлемі қатты өзгереді. Түйін сөздер: мұсылман əлемі, модернизация, ислам болашағы, фанатизм, саяси көшбасшы.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-02-22