Қазақстан Республикасындағы қазақ тілді БАҚ-ғы діни жағдайды сипаттаудағы негізгі бағыттар
Аңдатпа
Қазақстан Республикасындағы діни жағдай - қазіргі таңдағы БАҚ-тың жиі көтеретін мəселелерінің бірі. БАҚ қоғамдық санаға ықпал ететін ең маңызды құрал екенін ескере отырып, авторлар қазіргі діни жағдайды сипаттаудағы БАҚтың негізгі бағыттарын анықтауға тырысты. Қазақ тілді БАҚ жүргізілген мониторинг үш республикалық қоғамдық-саяси газеттер, «Алаш Айнасы», «Айқын», «Жас Алаш» жəне Қазақстан Республикасы Мұсылмандар Діни Басқармасына қарасты «Ислам жəне өркениет» газеті мен «Иман» журналын қамтыды. Аталмыш мониторингтың мақсаты 2011 жыл мен 2012 жылдың маусым айларындағы ҚР діни мəселелерге қатысты авторлардың негізгі көтеретін мəселелері мен позицияларын анықтау болды. Мониторингтің нəтижесінде БАҚ құралдарында жиі көтерілетін мəселелер: Қазақстан Республикасындағы діни жағдай; мемлекеттік биліктің дін саласындағы жүргізіп отырған саясаты; діни жəне ұлттық идентификация; елдегі діни сауатсыздық; «дəстүрлі емес» діни ағымдар; шетелдердегі діни орындардағы білім алу мəселесі; «дəстүрлі» конфессиялар. Мақалада аталмыш мəселелерді шешу бойынша авторлардың негізгі позициялары қарастырылады. Түйін сөздер: БАҚ, діни жағдай, діни сенім, діни ұйымдар, конфессия.
