Ізгілік философиясына бастар жол
Аңдатпа
Адамзат жəне əр адам үшін баға жетпес құндылық, ол - бейбітшілік. Сондықтан елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның бас қаласы Астанада Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу туралы ауқымды бастама көтеріп келеді. І съезд 2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде, ІІ съезд 2006 жылдың 12-13 қыркүйегінде, ІІІ съезд 2009 жылдың 1-2 шілдесінде болып өтті. Съезде, негізінен, дінаралық төзімділік, əлемде бейбітшілік пен тұрақтылық орнату мəселелері қарастырылады. Осы мəселе төңірегінде нақты тəжірибелер талқыға түседі. Жиынға қатысушылар діни төзімділік, түсіністік, келісім, түсіністік пен өзара жарастықта өмір сүру деген ұғымдардың қоғам өміріндегі мағыналарына үңіледі. Əлемдік жəне дəстүрлі діндер саясаттан аулақ тұрып, қантөгісті, соғысты үгіттемейді. Қай дін болмасын таза, болмысында соғысты жақтамайды. Қара жерге мамыражай тыныштық керек. Қысқаша айтқанда, мақсат: елдер арасындағы бейбітшілікті нығайтып, мемлекет ішіндегі бірлікті күшейту, соған жұмылып жұмыс істеу. Түйін сөздер: дін, бейбітшілік, діни төзімділік, ізгілік, имандылық, əділеттілік.
