Л. Н. Толстой мен Абай Құнанбаевтың діни көзқарастарының экзистенциальдық сипаты

Авторлар

  • K. M. Nauanova Западно-Казахстанский государственный университет им. М. Утемисова, Казахстан, г. Уральск

Аңдатпа

Мақала Л. Н. Толстой «Ілім кітабы» мен Абайдың «Қара сөздерін» салыстырмалы талдау негізінде, олардың Жаратушыға, дін мен сенім мəніне көзқарастары компаративистика тұрғысынан ашылады. Зерттеуші Толстой мен Абай діни көзқарастарының адам мəселесі мен оның өмірі мəні айналасына жұмылған экзистенциалды мінезін негіздейді. Зерттеуші пікірінше, Толстой мен Абай көзқарастарының экзистенциалды бағытталуын, олардың дінді ақыл тұрғысынан ғана емес, сезім саңлағынан да түйсінуге талпыныстарынан көруге болады. Ұлы ойшылдардың діни ізденістері, адамның күнделікті өмірінде дана діни сенімді бекіту талпыныстары арқылы дəлелденеді. Мақала барысында ақиқат діни сенімнің адамдар арасындағы қарымқатынастарда ізгілік, қайырымдылық пен əділеттілік орын алуында екендігін көруге болады. Зерттеуші Толстой мен Абай діни ілімдерін жаңа қырынан ашып көрсетеді. Данышпандар ойынша, діни сенім мен адамгершілік, егер олар Жаратушыға деген сүйіспеншілікпен астарласып жатпаса адамның тіршіліктегі тірегі бола алмайды.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-02-20