Тəуелсіз Қазақстандағы өзекті өнер мəселесінің философиялық мəн
Аңдатпа
Қазақстан тəуелсіздік алғаннан бастап мəдениет пен өнер жаңа кедергілерге тап болып қана қоймады, сонымен қатар болашақта жоғарғы деңгейде дамуға мүмкіндік алды. Бүгінгі күні Қазақстан өнерінің өзіндік ұлттық мəнін белгілеу үдерісі бір жағынан жаһандық үдеріспен ұштасса, екінші жағынан көркем айшықтың көне дəстүрлі үлгілерге де бой алдырғаны байқалады. Дүниетаным негіздерінің философиялық мəні жəне тəуелсіз Қазақстанның заманауи өнері бағдарының құндылығы туралы мəселелер мемлекеттің қазіргі мəдени беделін қалыптастыру жағдайында өте маңызды.







