Өз ойын білдіру еркіндігі теориясы: Т. Скэнлон «Милль принципі туралы»
Аңдатпа
Бұл мақала ағылшын философы Т. Скэнлонның «Өз ойын білдіру еркіндігі теориясы» атты еңбегінің негізгі ұстанымдарын қарастыруға арналған. Өз ойын білдіру еркіндігі көптеген философтардың (А. Маслоу, Дж.С. Милль, т.б.) еңбектерінде аса маңызды əлеуметтік жəне экзистенциалдық категория ретінде зерделенген. Сонымен қатар өз ойын білдіру еркіндігі қазіргі заманғы ақпараттық қоғамның ең маңызды сипаттамасы ретінде негізделеді. Дегенмен, əлеуметтік-философиялық жəне құқықтық тұрғыдан өз ойын білдіру еркіндігін шектеудің мүмкіндігі мəселесі маңызды болып қала береді. Философиялық теорияларға сүйене отырып сөз бостандығын өз ойын білдіру еркіндігінің жеке түрі ретінде қарастыруға болады. Басты мəселе: сөз бостандығының көріністері шексіз «қорғалған актілер» құқықтық мəртебесіне ие болуға тиіс пе? Сонымен қатар «сөз» бен «əрекет» жəне «мазмұн» мен «форма» деп бөлу тұрғысынан өз ойын білдіру мүмкіндігін шектейтін өлшемдерді анықтау қажет. Қарастырылып отырған мəселелердің негіздемелері Т. Скэнлонның «Милль принипі туралы» еңбегінде келтірілген.







